05.08.19
Болгарияның София қаласында грек-рим күресінен кадеттер арасында Әлем чемпионаты аяқталды

Болгарияның София қаласында грек-рим күресінен кадеттер арасында Әлем чемпионаты аяқталды. София кілемінде 29 шілде мен 4 тамыз аралығында еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен спортшыларымыз ел намысын қорғаған болатын. 

Еркін күрестен Жахонгир Ахмаджанов күміс алса, Бекзат Тәжі Әлем чемпионатының қоласын қанжығасына байлады. 

Жарыстың соңғы күні грек-рим күресінен Мақсат Сайлау және Ербол Қамалиев ел қоржынына қос қола салса, 2014 жылдан араға бес жыл уақыт салып Саматбек Ізімғали Әлем чемпионы атанды